Елімізде әскери дайындық ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөлін атқарады. Қазақстандағы әскери білім беру жүйесі техникалық және кәсіптік біліммен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен ұсынылған. Бүгінгі таңда әскери білім беру жүйесіне еліміздің жалпы білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік саласында жұмыс істейтін 9 әскери оқу орны кіреді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оның пайымдауынша, жоғары оқу орнынан кейінгі білім офицерлердің әскери мансабында маңызды рөл атқарады. Бұл магистратура мен докторантураның білім беру
бағдарламалары, олар қорғаныс, стратегия, қауіпсіздік және басқа да маңызды салалардағы білімдерді одан әрі мансаптық өсуге ықпал етеді.
«Әскери кадрларды даярлау сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде келісімдер, келісімшарттар және шақырулар негізінде шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру (курстық даярлық) бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Шетелде оқу біздің әскери қызметшілерімізге жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа тәсілдері мен әдістерімен, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттармен танысуға мүмкіндік береді»,-деді спикер.
Басқа елдердің өкілдерімен бірлесіп оқыту Қазақстанның ҰҚШҰ, НАТО, Қытай сияқты әріптес мемлекеттермен, сондай-ақ көрші Орталық Азия елдерімен дипломатиялық және әскери байланыстарын нығайтады. Бұл бірлескен операциялар немесе бітімгершілік миссиялар жағдайында өзара түсіністік пен үйлестіруді дамыту үшін маңызды.
Бүгінгі таңда 50-ден астам шетелдік жоғары оқу орындарымен оқу орталықтарында 600-ге жуық қазақстандық әскери қызметші оқиды. Оқуға жіберу Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес, негізінен Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында даярлау жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша жүргізіледі.