Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің сенімділігін растайтын және өткен жылдың 17 желтоқсанында өнеркәсіптік пайдалануға берілген Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа әзірленді. Қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада 1160-тан астам инвестициялық жоба жүктелген. Олардың жалпы сомасы шамамен 49 трлн теңгені құрайды. Осы жобалар аясында 188 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Арман Ақсубаев мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, бұл жобалар инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулын қалыптастырады. Мәселен, осы пул шеңберінде ағымдағы жылдың соңына дейін 5,5трлн теңгеден астам сомаға 379 жобаны пайдалануға беру жоспарда бар. Бүгінгі таңда платформа жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік ұйымдар, Үкімет Аппараты, Бас Прокуратура, «Атамекен» ҰКП сияқты қатысушыларға қолжетімді. Комитет өкілі атап өткендей, бұл мониторингтің ашықтығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік органдар тарапынан кідірістер мен мерзімдерді бұзудың жолын кесуге бағытталған.
«Платформада «Жасыл дәліз» арнайы сүйемелдеу механизміне енгізілген жобалар үшін сүзгі орнатылды. Жобалар автоматты режимде инвестициялық жоба бойынша балдарды есептеу жүйесіне сәйкес оның қолданысына жатады. Онда жобаның құны; жобаның әлеуметтік бағыты; Fortune Global 2000 тізімінде инвестордың болуы; басым тауарлар тізбесіне сәйкестігі сияқтыкритерийлер ескеріледі). Бүгінгі таңда пулдың 60-қа жуық жобасы «Жасыл дәліз» мәртебесіне ие және оларды платформада бақылауға болады. Сондай-ақ, 20 өңірдің әрқайсысында жобалар бойынша міндеттердің орындалуын бақылау модуліұйымдастырылғанын, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңін орындаудың жеделдігі мен мониторингінің тиімділігі көрсетілетін өңірлердің рейтингі іске асырылғанын атап өту маңызды. Биыл шетелдік дипломатиялық миссиялардың/елшілердің рейтингін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Арман Ақсубаев.
Спикердің айтуынша, ҰЦИП, басқа да осыған ұқсас жобалар сияқты, іске қосылғаннан кейін табиғи түрде түзетіліп, дами береді. 2025 жылы платформаны одан әрі жетілдіру және орналастыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
«Ағымдағы жылы Kazakh Invest елшілері мен шетелдік өкілдеріне міндеттер қоя отырып, CRM жүйесін әзірлеу жоспарлануда. Бұл инвесторларды тарту процестерін барлық кезеңде цифрландыруға мүмкіндік береді: алғашқы байланыстардан бастап жобаларды іске асырудың басталуына дейін және әртүрлі елдер бойынша динамиканы қадағалайды. Екінші әзірлеу-инвестициялық келісімшарттарға өзгерістер енгізу және бұзу қызметтерін цифрландыру. Бұл өтінімдерді беру және қарау процесінің ашықтығын, сондай-ақ оларды бұзуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл процестер қағаз жүзінде жүзеге асырылады. Бұл ретте инвестициялық келісімшарттарды бұзу кезінде «Прокурорлық сүзгіні» пайдалану жоспарлануда. Үшінші әзірлеу-инвестициялар туралы келісімдер жасасу процесін цифрландыру. Бұл инвесторлар мен мемлекеттік органдарға соя келісу процесін нақты уақыт режимінде қадағалау бойынша сервис құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл процесс қағаз жүзінде жүзеге асырылуда», - деп түсіндірді спикер.
Арман Ақсубаев бүгінгі таңда жобаларды келісу және бірыңғай Индустрияландыру картасына енгізу процесі автоматтандырылмағанын атап өтті. СІМ мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында инвесторларды сүйемелдеу және оларға қолдау көрсету бөлігінде автоматтандыружәне одан әрі интеграция пысықталатын болады.
«Көптеген жүйемен интеграцияланғаннан кейін түрлі есеп түрлерін қалыптастыру, сондай-ақ түрлі уақыт кезеңіндегі көрсеткіштер арасындағы динамиканы түсіну қажеттілігі туындайды. Цифрландыру министрлігінің қолдауымен осы міндетті іске асыру үшін ең қолайлы құрал ретінде жасанды интеллект негізінде көмекшіні енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп қосты ол.
Жалпы, цифрлық платформа инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді және жеделдетілген өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,осылайша инвестицияларды тез және ашық тарту және инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Инвестициялар комитетінің өкілі бұл платформаға ай сайын көбірек көңіл бөлінетінін айтты.