Шымкентте қысқа мерзімді кәсіби білім алған тұрғындар жұмыспен қамтылды

Шымкентте қысқа мерзімді кәсіби білім алған тұрғындар жұмыспен қамтылды

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін кәсіби мамандарға көрсетілген ерекше құрмет. Жұмысшы мамандықтары – өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы маңызды буын, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен жылы шаһарда Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 670 тұрғын 43 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік білім алғандардың 393-ы оқуын толық аяқтап, 297-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Қысқа мерзімді кәсіптік білім арқылы бүгінде азаматтар жұмыспен қамтылып отыр.

Атап айтсақ, білім беру ұйымдарында кәсіптік білім алған тұрғындар визажист, графикалық жұмыстарды орындаушы, кондитер, косметолог-эстетик, маникюр шебері, даяшы, шаштараз, аспаз, жиһаз жинақтаушы, сантехник, тігінші секілді 26 мамандықты меңгерді. Ал жұмыс берушілердің жұмыс орнында білім алғандар бухгалтер-кассир, киім мен аксессуарларды безендіруші, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, былғары мен теріні химиялық өңдеу операторы, қолмен тоқу шебері, наубайшы, аспаз секілді 17 мамандықты үйреніп, жұмыспен қамтылды.

Жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің өндірістік әлеуетінің негізі. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Заместитель акима Алматы Алишер Абдыкадыров обратился к горожанам перед началом общегородской акции «Алматы – наш общий дом», которая проходит в...

«Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді», - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінде...