Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басшылық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті. Маусым айының отызына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18-27 жасқа дейінгі 20 мыңнан астам ер азамат толықтыратын болады. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ол өз баяндамасында мерзімді әскери қызметтің маңызы жайында сөз қозғады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан алғаш рет телекөпір режимінде робот-ассистенттелген технологияны қолдана отырып, трансұлттық операцияға қатысты, деп хабарлайды ...