Олжас Бектенов: ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейін арттыру, өндірістерді локализациялау бизнеске қолдау көрсету керек

Олжас Бектенов: ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейін арттыру, өндірістерді локализациялау бизнеске қолдау көрсету керек

Үкімет отырысында Премьер-министр Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттер филиалдары ғылымды дамыту, елімізді жаһандық академиялық қоғамдастыққа интеграциялау ісіндегі рөлін атап өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қазақстанға шетелдік үздік жоғары оқу орындарын тарту жұмысын жандандыру туралы тапсырма берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ғылымға негізделген аумақтардың – ғылыми қалашықтардың құрылуы ғылымның, технологиялар мен инновацияның дамуына серпін береді. Ғылым технологиясы жоғары, экспортқа бағдарланған жаңа кәсіпорындар ашуға өз үлесін қосуға тиіс. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейін арттырған жөн. Өндірістерді локализациялау, экспорттық өнім шығарудың жаңа технологияларын әзірлеу барысында бизнеске қолдау көрсету керек. Әрбір институттың немесе жоғары оқу орнының ірі кәсіпорындардан өз серіктесі болуға тиіс. Олар оқу орнына мақсатты тапсырыстар беріп, шығыстарды бірлесіп қаржыландыруы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми институттар мен инновациялық өндірістердің аумақтық шоғырлануын ескере отырып, Ғылыми қалашықтар құру тұжырымдамасын әзірлеу міндеті қойылды.

Жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша табысты кейстер атап өтілді. Металлургия және кен байыту институтының «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесе отырып, тазартылған селен алу технологиясын әзірледі. Сонымен қатар ғалымдар инженерлермен бірлесіп, Көктал бокситтерін игеру кезінде алюминий рудасындағы ылғал мөлшерінің жоғары болуы мәселелерін шешті. Ғалымдарға бағалы металдарды өндірісін ұлғайту, шахта суларын тазарту, металлургиялық қалдықтарды өңдеу бойынша тапсырмалар әзірленді.

Премьер-министр отандық ғылымның тиімділігін арттырып, инвестициялық тартымдылығын, барлық процестің ашық әрі бүкпесіз болуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының биылғы қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында...