Тоғызқұмалақтан ашық біріншілік басталды

Тоғызқұмалақтан ашық біріншілік басталды

Бүгін «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» аясында «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» және «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен тоғызқұмалақтан ашық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шараға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысып, шараның маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып. жас буынға сәттілік тіледі.

Жарысқа 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015, 2016-2018 жылдар аралығында туылған 200-ге жуық жасөспірімдер қатысуда.

Бұл жарыс ұлттық спорт түрін насихаттау, жас буынның арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға қатысты бірқатар заңнамалық...