Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ.

Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ