Ағымдағы жылы Шымкент қаласында 23,0 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде

Ағымдағы жылы Шымкент қаласында 23,0 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде

Шымкент қаласының аумағында көктемгі егіс науқаны ау райының қолайлы болуына байланысты ақпан-наурыз айларында басталады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Тоғай Жәнібектің қатысуымен брифинг өтті. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше 2025 жылы қаламызда 23,0 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде.

Оның ішінде:
- дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2);
- майлы дақылдар – 3,3 мың га;
- мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га;
- көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га;
- картоп – 0,1 мың га.

Аталған егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған.

Атап айтқанда:
- көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна;
- күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна.

2025 жылға өнімділікті арттыру мақсатында егін шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 863,3 млн теңге қаржы қаралған.

Оның ішінде:
– минералды тыңайтқыш құнын субсидиялауға – 75,0 млн тг;
– жылыжайлардың коммуналдық шығындарын арзандатуға – 767,8 млн тг;
– тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 20,5 млн тг.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ