Түркістан: Сауранда мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар жүзеге аспақ

Түркістан: Сауранда мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар жүзеге аспақ
Сауран ауданында ауыл шарушылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа бастамалар қолға алынуда. Атап айтқанда, аудандағы Ескі Иқан ауылдық округінде 20 гектар жерге «Мал бордақылау және малшы үйі» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа жоба үшін Ескі Иқан елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер таңдалып, қажетті құжаттар әзірленуде, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі уақытта мал бордақылау алаңын салуға қызығушылық танытқан 35-тен астам кәсіпкер бар. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ниет білдіруші кәсіпкерлермен белгіленген жер телімінің басында кездесіп, пікір алмасты.
Кездесуде ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін барлық қажетті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға қажетті жол салу, инфрақұрылым тарту жоспарлары айтылды. Осы ауқымды жобалар іске асқанда, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы...