Шымкенттік балуан Омар Сатаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Шымкенттік балуан Омар Сатаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақта күш сынасқан Омар Сатаев Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Отандасымыз финалда ирандық құрдасы Мұхаммед Әзиз Нагхаусиден жеңіліп қалды. Есеп: 1-3.

Ұлттық құрама спортшысы бүгін күндізгі сессияны ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілін Вусёнг Кангты 11:0 және Жапония балуаны Тайцо Юшидоны 10:0 есебімен жеңген болатын.

Еске сала кетейік, Мұхаммед Әзиз былтыр қазанда 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған (82 кг). Сондай-ақ жасөспірімдер арасында құрлықтың үздігі.

Ал Омар осыдан 3 жыл бұрын Бахрейндегі жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Осымен грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар. Шымкенттік балуандар екі күміс олжалады, бұған дейін аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Әлімхан Сыздықов күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп...