Шымкент: қоқыс алаңшаларының тазалығы басты назарда

Шымкент: қоқыс алаңшаларының тазалығы басты назарда

Әл-Фараби ауданы аумағындағы қоқыс алаңшаларын жуу апталығы басталды. Атап айтқанда, Отырар шағынауданында, Желтоқсан, Түркістан, Диваев, Иляев, Тәуке хан сынды көшелерде орналасқан көпқабатты үйлердің қоқыс алаңшалары жуылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Санитарлық тазалау барысында ауладағы қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ аптап ыстықта зиянды жәндіктер мен шыбын-шіркейлердің жоламауы үшін хлор себілді. Мұндай залалсыздандыру жұмыстары ары қарай жалғасын таба береді.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 192 қоқыс алаңшасы және 749 қоқыс контейнері бар. Бүгінде аудан аумағындағы ескі контейнерлерді санау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жаңа контейнерлер қойылатын болады.

Ауданда қоқыс алаңшаларын кестеге сәйкес тазарту жұмыстарына «Шымкент Спец Комплекс» және «ЭкоСпецТранс» мекемелері жауапты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы...