Биыл Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 195 концерт ұйымдастырмақ

Биыл Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 195 концерт ұйымдастырмақ

Алматы қаласы күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония үш күндік қала ішілік концертік циклін өткізеді. Бұл шара Алматының мәдени өміріне жаңа серпін беріп, қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі музыкалық жанрда бағдарламаларын ұсынады. Сондай-ақ филармония қабырғасында еңбек жолдарын бастаған Қазақстанның халық әртістері Айман Мұсаходжаева мен Жәния Әубәкірова, сондай-ақ франциялық дирижер Кристоф Мангудың қатысуымен Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің ерекше концерттері ұйымдастырылады. Бұл туралы филармония директоры Ақан Әбдуалиев ОКҚ брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ