Санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілді

Санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілді

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қаладағы сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындар санитарлық бақылаудың күшейтілген режиміне көшірілді.

Сақтық шаралары негізінде қаладағы төрт ауданда санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жасалуда. Еңбекші ауданының басшылығы да аудан тазалығына баса назар аударып отыр. Ауданда санитарлық тазалыққа жауапты 8 мекеме бар.

Аудандағы көшелер мен лотоктар және аулалар қоқыстан тазаланды. Аялдамалар, жол жиектері және аяқ жолдар да тазартылды. Ал көп қабатты тұрғын үйлер арасындағы тазалау жұмыстары күнделікті түрде жасалып тұрады. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жол бойындағы, гүлзарлардағы гүлдер суғарылды.

Тазалық жұмыстарына 500-ге жуық жұмысшы мен 152 техника жұмылдырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...