Қоқыс алаңшаларын залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Қоқыс алаңшаларын залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Жаз айларында ауладағы қоқыс мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы орайда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің бастамасымен қоқыс алаңшаларын жуу апталығы басталған болатын, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Әл-Фараби ауданына қарасты Республика даңғылы, Жангелдин, 8-ші наурыз көшелерінде және Қарасу шағынауданында қоқыс алаңшаларын сұйық сабынмен жуу жұмыстары жалғасын тапты.

Санитарлық тазалау жұмыстары барысында қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ, аптап ыстықта зиянды жәндіктер мен шыбын-шіркейлердің жоламауы үшін хлор себілді.

Айта кетейік, ауданға қарасты контейнерлерге залалсыздандыру жұмыстары жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...