Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті және Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тәни, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі ынтымақтастығының келешегі қаралды.

Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

По данным управления развития комфортной городской среды города Шымкента бюджет на 2025 год составит внушительные 26 миллиардов 49,3 миллиона тенге, что...

Қытай тауарларының Қазақстандағы 20-жылдығына арналған мерейтойлық көрме өтті. Бұл халықаралық іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы...