Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын 59-шы JMMC отырысында растады

Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын 59-шы JMMC отырысында растады

Астана, 2025 жылғы 5 сәуір – ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының атынан Энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.

Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысты. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

По данным управления развития комфортной городской среды города Шымкента бюджет на 2025 год составит внушительные 26 миллиардов 49,3 миллиона тенге, что...

Қытай тауарларының Қазақстандағы 20-жылдығына арналған мерейтойлық көрме өтті. Бұл халықаралық іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы...