Қарағанды қаласындағы №62 жалпы білім беретін мектебінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 9–11 сынып оқушыларына есірткіге қарсы профилактикалық бағытта дәріс өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында оқушылар полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауап алды.
Шараға сондай-ақ Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Кинология орталығының мамандары да қатысты.
Олар қызметтік иттердің есірткі заттарын іздеу және анықтау бағытындағы жаттығуларын көрсетіп, оқушыларға мамандықтың қыр-сырын таныстырды.