Алматыда өткен конференцияға қатысушылар иммундауды ұстану мәселелерін талқылады

Алматыда өткен конференцияға қатысушылар иммундауды ұстану мәселелерін талқылады

Алматыда Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Еуропалық иммундау апталығына (ЕИА) орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Талқылау вакцинациялау саласындағы заманауи қиындықтарға, жалған ақпаратпен күресу стратегияларына, сондай-ақ халықтың әртүрлі топтарының арасында вакцинациялауға деген сенімді нығайту жолдарына бағытталған. Сектораралық өзара іс-қимылдың, ағартушылық жұмыстың және медицина қызметкерлерін халықпен диалогқа тартудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Конференцияның мақсаты - барлық қауымдастықтарда халықты вакцинациялаумен қамтудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттігіне назар аудару болып табылады. Вакциналарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесінің күш-жігерін қолдау.

Конференцияны Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Дүниежүзілік ұйымның елдік офисінің басшысы, Иммундау жөніндегі сарапшылардың ұлттық техникалық консультациялық тобы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар Қоры қолдады.

Конференцияның жұмысына Қазақстанның, Ресей Федерациясының жетекші ғалымдары, республиканың барлық өңірлерінен келген медицина қызметкерлері қатысты. Форумға қатысушылар вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды, иммундаумен қамтуды жақсартуды және халықтың вакцинациялауға бейімділігін талқылады.

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің резиденттері «Вакцинациялау: қолдау және қарсы» тақырыбында пікірталас өткізді. Командалар иммундаудың артықшылықтары мен жетістіктері, вакцинациялаудан кейінгі қолайсыз көріністер, сондай-ақ көкжөтелмен ауыру бойынша әртүрлі позицияларды ұсынады.

Еуропалық иммундау апталығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция гибридті форматта өтті және 100 қатысушыны офлайн форматта және 37000-нан астам адамды онлайн жинады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабта Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің...

Аким города Алматы Ерболат Досаев в рамках рабочей поездки принял участие в праздновании Наурыз мейрамы, организованном для сотрудников Департамента полиции и их семей. В...