Қаржы министрі Мәди Такиев Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-де ашық дәріс өткізді

Қаржы министрі Мәди Такиев Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-де ашық дәріс өткізді

Қаржы министрі Мәди Такиев Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінде (бұдан әрі - ЕҰУ) Экономика факультетінің студенттеріне ашық дәріс оқыдыАталған дәріс ведомство мен университет арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағдарламалары тәлімгерлік институттарын дамытып, жас ұрпаққа қолдау көрсетуге оң әсер етеді. Өз кезегінде жастар мемлекеттік басқару саласын жедел цифры трансформациялап, елімізде IT-инфрақұрылымды құру бойынша озық тәжірибелер мен құралдарды енгізіп, таратуға септеседі.

Айталық, министрлік бірнеше жылдан бері мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі мен қауіпсіздігіне басымдық бере отырып, цифрлы жаңашылдықтарды белсенді түрде енгізіп келеді. Кейінгі үш жылда ведомство мемлекеттік қаржы жүйесін әкімшілендіруді оңтайландырып, жеке және заңды тұлғалар үшін жайлы сервистер құруға бағытталған көптеген цифрлы шешімдерді іске қосты. Бұл жобалар қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға және мемлекеттік органдармен өзара байланысты қарапайым, жылдам әрі ашық етуге жол ашады.

Мәселен, салықты әкімшілендіру ісін тиімді басқару салық төлеуден жалтарудан септесіп, көлеңкелі экономиканы азайту арқылы бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша министрлік мемлекеттік бюджетке 21,5 трлн теңге көлемінде салық түсімін түсірді. Бұл жоспардың – 100,7%. Осы ретте көлеңкелі экономика деңгейі ІЖӨ-ге шаққанда 17,5% дейін төмендегенін айта кетейік. Сонымен қатар заманауи цифрлы құралдар есеп-қисап ұсыну мен салық органдарымен өзара әрекеттесуді жеңілдетіп келеді. Нәтижесінде кәсіпкерлерге ҚҚС қайтару 2023 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артып, 1,2 трлн теңгеге жетті.

Кедендік әкімшілендіру саласында тәуекел профильдері жетілдіріліп, бұл жүктерді дәстүрлі форматта тексеру қажеттілігін едәуір азайтты. Бұған қоса қағаз құжатысыз транзитке байланысты жоба енгізіліп жатыр. Оның да тиісті тексерулерді азайтуда септігі мол. 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке салық және кедендік әкімшілендіру шараларынан 1 280 млрд теңге көлемінде қосымша түсім түсті.

Мемлекеттік сатып алу процесіне цифрлы тетіктерді енгізу мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторға қажетті процесті жеңілдетіп қана қоймай оның ашықтығын арттырып, сын-қатерді барынша азайту мен келісімшарттардың орындалуын жеделдетуге жол ашады. Қазір жасанды интеллект (бұдан әрі - ЖИ) көмегімен тауарлар мен қызметтерге сұранысқа талдау жасалып, мемлекеттік сатыпалым қатысушыларының іс-қимылында қандай да бір ауытқулардың бар-жоғы анықталады, бағаны көтеруге арналған ұсыныстарға талдау жасалып, сәйкестендіріледі және т.б.

Министрдің айтуынша, жаңа салық саясаты бизнеске, әсіресе ШОБ-қа жайлы жағдай жасап, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыра алады. Айталық, салық түрлерінің көлемі 11 дейін азаяды. Бүгінде кәсіпкерлер мемлекеттік баждың 113 мөлшерлемесін төлеп жүр. Салық реформасы арқылы олардың саны 62-ге дейін төмендейді.

«Қолға алынған салық реформасы жүктемені неғұрлым әділ бөлуді қарастырады: көп табатындардан қажетті соманы алып, кірісі аз кәсіпкерлерден, шағын бизнестен әрі халықтың осал топтарынан төмен мөлшерде. Қаржы министрлігінің цифрлы және тиімді бастамаларын енгізу арқылы мемлекет білім беру мен медицина саласын, инфрақұрылымды жақсартып, басқада негізгі бағыттарды тұрақты түрде қаржыландыруға мүмкіндік алады. Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстанның келешегі -  креативті, интеллектуалды,білімді, уақыт тынысын сезетін жастардың қолында. Сіздерге қарқынды түрде дамып келе жатқан цифрлы дәуірде өмір сүруге тура келеді. Дәл сіздер егемен еліміздің болашағын айқындайтын сәулетшілерге айналатындарыңызға кәміл сенімдімін», деді Мәди Төкешұлы.

Дәріс аяқталғаннан кейін студенттер ведомство басшысына көкейдегі сұрақтарын қойып, қаржы саласын цифрландыру перспективаларына байланысты, сонымен бірге салықты әкімшілендіру ісіне, инвесторлар ағыны, қаржы секторындағы үрдістер бойынша пікір алысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Юрий Пя жетекшілік ететін UMC Жүрек орталығының дәрігер-зерттеушілер тобы 13 сәуір мен 13 қазан аралығында Жапонияның Осака қаласындағы Дүниежүзілік Expo-2025 көрмесінде...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралды, деп хабарлайды ...