Қазақстанның бастамасымен ТМД волонтерлер форумы құрылады

Қазақстанның бастамасымен ТМД волонтерлер форумы құрылады

Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңейтілген форматта Форум құру мәселесі бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова сөз сөйледі.

ТМД волонтерлер форумын құру мәселесін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар жөніндегі Кеңесі енгізді, ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы қазанда ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысында айтқан ұсынысын қолдады.

«2024 жылы ТМД - да Волонтерлер қозғалысы жылын өткізу, осындай форумды құрудың жоғары сұранысы мен уақтылығын көрсетті, сондай-ақ біздің елдеріміз арасындағы тиімді мәдениетаралық өзара іс-қимылдың нақты құралы ретінде волонтерліктің елеулі әлеуетін айқын көрсетті» - деп атап өтті Айзада Құрманова.

Форум тәжірибе алмасуға, волонтерлер қозғалысын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жылсайынғы іс-шараға айналады деп болжануда. Бұл алаңды ТМД елдері кезекпен ұйымдастырады.

Қазақстан волонтерлік саласында халықаралық іс-шараларды өткізуде айтарлықтай тәжірибеге ие.

2023 жылы Астанада волонтерлердің Халықаралық форумын өткізу жарқын мысалдардың бірі болып табылады. Өткен жылдың қазан айында Астанада АӨСШК волонтерлер Слеті өтті. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы 2026 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің Бірінші Форумын өткізуге дайын екендігін білдіреді. Жастар жөніндегі Кеңес Қазақстанның бұл бастамасын қолдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Юрий Пя жетекшілік ететін UMC Жүрек орталығының дәрігер-зерттеушілер тобы 13 сәуір мен 13 қазан аралығында Жапонияның Осака қаласындағы Дүниежүзілік Expo-2025 көрмесінде...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралды, деп хабарлайды ...