Олжас Бектенов Chevron басшысы Майкл Уиртпен мұнай газ саласындағы ынтымақтастық және Теңіз төңірегінде өнеркәсіп кластерін құру мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов Chevron басшысы Майкл Уиртпен мұнай газ саласындағы ынтымақтастық және Теңіз төңірегінде өнеркәсіп кластерін құру мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды іске асыруды, KPI алғашқы полипропилен зауыты жұмысы мен қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнім өндіретін ірі полиэтилен кешенін салу аясында отандық мұнай-газ химиясын дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін жаңа газ өңдеу зауытын салу мәселелері қаралды.

Теңіз кен орнында Келешек кеңейту жобасын (ККЖ) іске асыруға назар аударылды. 

Олжас Бектенов ішкі қосылған құнды ұлғайтуға бағдарланған Теңіз базасында өнеркәсіптік кластерді дамыту арқылы жергілікті қамтуды одан әрі ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін береді. Энергетика министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, Теңіз қорларын ұтымды игеру үшін жобалық шешімдерді өзектендіру, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдау жөніндегі бағдарламаны дайындау қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және энергоресурстарды жеткізудің жаңа тізбектерін құру мәселелері талқыланды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Мемлекет...

В честь 80-летия Великой Победы в городе Алматы прошла масштабная благотворительная акция «Ардагерге құрмет». В рамках акции, волонтеры города...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне...