Қарағанды облысының тұрғындары Шымкент қаласынан бастау алған флешмобты қабылдады – олар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мақалалар, бейнематериалдар мен фотосуреттерді әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялауда. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің батылдығы мен адалдығы туралы ақпараттар жариялануда.
Жастар ерекше белсенділік танытуда. Қарағанды қаласының жастары бейнеролик түсірді, онда қала тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғыс пен шынайы ризашылық сөздері білдірді.
Сондай-ақ, Теміртау қаласының тұрғыны Айгүл Алькеева өзінің Ұлы Отан соғысына қатысқан атасы Әшім Әлкеевтің ерлігі туралы айтып берді:
«Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып жау соққысына қарсы тұрады. 1942 жылы Дондағы шайқаста аяғынан жараланғанына қарамастан, қайтып қатарға қосылды. Кейін Житомир жаяу әскер училищесін бітіріп, 1943 жылы Бірінші Беларусь майданына жіберіледі. Висла өзенін кесіп өткен 132 атқыштар дивизиясы құрамында Польшаны азат ету мақсатында Варшава қаласын алуға қатысады. Соғыстан 1945 жылы шілде айында туған елге оралады».
Мерейтойға дайындық жалғасуда. Бұл тек ардагерлерге құрмет көрсету мүмкіндігі ғана емес, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мен тарихи жадымызды сақтау жолындағы маңызды қадам.