Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Кездесу барысында Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Бұдан бөлек, мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды. Президент жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.

Өз кезегінде Даниил Шулейко платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді. 2024 жылы компания елімізге 29,5 миллиард теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған. Сонымен қатар «Яндекс Global» басшысы Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндап, AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Мемлекет...

В честь 80-летия Великой Победы в городе Алматы прошла масштабная благотворительная акция «Ардагерге құрмет». В рамках акции, волонтеры города...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне...