Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Сенім грамоталарын Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов, Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс, Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун, Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки, Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш, Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Мемлекет...

В честь 80-летия Великой Победы в городе Алматы прошла масштабная благотворительная акция «Ардагерге құрмет». В рамках акции, волонтеры города...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне...