Ақтөбедегі Heriot-Watt студенті Әлия Молдағұлова туралы жасанды интеллект көмегімен комикс жасады

Ақтөбедегі Heriot-Watt студенті Әлия Молдағұлова туралы жасанды интеллект көмегімен комикс жасады

Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 2-курс студенті Көркемай Елеусіз Марсельқызы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Студент жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланып, батырдың ерлігі мен рухын қазіргі заман талабына сай жеткізетін комикс жасады.

Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған және Әлия Молдағұлова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты формада ұсынуды көздейді. Комикс, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосуды мақсат етеді.

Бұл жобаның ерекшелігі – жасанды интеллекттің шығармашылық салада қолданылуы, сондай-ақ тарихи тұлғаның ерлігін жаңа формада танытудағы жаңашылдық.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Іс-шараға Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүрген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...