Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, орта бизнестің ЖІӨ-ге үлесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мемлекеттің экономикаға қатысуын тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеу жоспарлануда. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге, біріктіруге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады, бұл ретте кәсіпорындардың жартысынан көбі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген. 

Премьер-министр Жарлықтың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы керектігін баса айтты. Жұмыс бақылауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп...