«Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің іс-шарасы өтті

«Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің іс-шарасы өтті

Бүгін «Жеңіс» саябағында Кеңес Одағы кезіңде шет елдерде әскери борышын өтеген ардагерлерден құралған «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің 9-мамыр «Жеңіс күні» және Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 80-жыл толуына арналған мерекелік іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шарада Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов және «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері Кеңес Одағының батыры С.Рахимовтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары іс-шараға келген қонақтарды мерекемен құттықтап, қала мен ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдайына белсенділік танытып жүрген ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Жас құтқарушылар» үйірмесінің қалалық сайысының жеңімпаздары медальдармен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін «Жеңіс» саябағында Кеңес Одағы кезіңде шет елдерде әскери борышын өтеген ардагерлерден құралған «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері...