Онлайн қабылдаудың оң нәтижелері

Онлайн қабылдаудың оң нәтижелері

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің әлеуметтік желіде өткізген онлайн қабылдауында көтерілген мәселелер аясында жауапты сала басшылары және мамандарымен бірге Ұлағат шағын ауданы Е.Спатаев көшесінің тұрғындарымен жүздестім. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.

Еңбекші ауданының әкімі:   жоғарыда аталған Е.Спатаев көшесі 22-ші үй тұрғыны Б.Оспанованың көшені жарықтандыру мәселесі қаралып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы көше жарықтандырылатыны түсіндірілді.

Және де сол көшенің 16 үй тұрғыны Т.Бұлтбаеваның көшедегі ескі электр желісін жаңа желіге ауыстыру және ескі бағаналарды алып тастау жөніндегі өтініші бойынша "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-мен 2021 жылдың ағымдағы ай ішінде жұмыстарды бастауы талқыланды және осы көшенің 15-ші үй тұрғыны М.Абдулдаева көтерген кәріз жүйесімен қамтамасыз мәселесін шешу бойынша қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен "Алем Строй-1" ЖШС-і қазіргі таңда Ұлағат шағынауданында кәріз жүйесінің құрылысын бастағандығы, жұмыстар келесі жылға өтпелі екендігі, соның ішінде Е.Спатаев көшесінде кәріз жүйесімен қамтылатыны түсіндірілді.

Барлық мәселелерді жеке бақылауыма алып, заң аясында тиісті жұмыстарды ұйымдастыратынымызды жеткіздім.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...