ШЫМКЕНТ: өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2601 адам екпе алды

ШЫМКЕНТ: өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2601 адам екпе алды

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 470 жағдай тіркелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның 329 симптомды, 141 симптомсыз. 163 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 307 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 1674 адам ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 2601 адам вакцина алды
(I компонент-1201, II компонент-1400). Егу науқаны басталғалы барлығы 341 106 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 213 563 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік аталған індеттің қаупі сейілген жоқ. Бұл ретте медицина мамандары карантин режиміне сәйкес санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...