Аулаларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Аулаларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов «Нұрсәт» шағынауданындағы №109-117 көпқабатты үйлер аулаларының абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Аталған ауланың жер теліміне қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізілуде: суғару құбырлары орнатылып, жасыл желектерді суғару мақсатында арнайы тік ұңғыма қазылуда.

Сондай-ақ, көгал алаң жасау жұмыстары атқарылуда. Аталған үйлердің ауласын аралау барысында аудан басшысы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекемеге аулаларға күз маусымына қарай ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...