Зообақтың вольерлері қайта жаңғыртылуда

Зообақтың вольерлері қайта жаңғыртылуда

Шымкент қаласындағы зообақта аралас аймақта орналасқан көл, қасқырлар, аюлар және гиббон вольерлерінің құрылысы жартылай аяқталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көл аумағы мен қасқырлардың вольерлері толықтай пайдаланылуға берілді. Аюлар вольеріне ірі жыртқыш тұқымдасына жататын 2 бас арыстандар көшірілді.

Арыстандардың лақап аттары «Қайтпас» пен «Таймас». 2021 жылы «Шымкент-Цирк» арыстандарды зообақтың теңгеріміне берген болатын. Бүгінде арыстандар жағдайы, күтімі өте жақсы деуге болады. Сонымен қатар Аюлар, Гиббондар вольерлеріне ағымдағы жылдың соңына дейін маймылдар мен аюлар көшірілетін болады.

Мұнда жүргізілген құрылыстың жалпы аумағы:

1 Көл 12000 м2

2 Қасқырлар 2300 м2

3 Аюлар 2200 м2

4 Гиббондарға арналған ғимарат 300 м2 ді құрайды.

Айта кетсек 30,08 гектар аумақты алып жатқан жануарлар бағы еліміздегі үш зообақтың бірі. Кәсіпорынның 138 қызметкері хайуандардың күтімімен айналысады. Олар әрбір жануардың тазалығына, дезинфекциясына, тамақ режимдері, түрлі ауруларға қарсы екпе салдыруына, денсаулығына аса мән беріп жіті бақылап отырады.

Кіру билеті: 17 жастан жоғары - 600 тг, балаларға (6-дан 17 жасқа дейін) - 300тг

6 жасқа дейінгі балаларға – ТЕГІН, Ардагерлер мен I, II топ мүгедектеріне – ТЕГІН.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...