Түркістанда «Мархабат Байғұт оқулары» байқауы қорытындыланды

Түркістанда «Мархабат Байғұт оқулары» байқауы қорытындыланды

Түркістанда «Мархабат Байғұт оқулары» шығармашылық байқауы қорытындыланды. Байқау - жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және «Түркіәлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері, «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» орденінің иегері, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың іріктеу кезеңіне 17 аудан және Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасынан жалпы саны 720-ға жуық бала қатысып өз бағын сынады. Ақтық мәреге 4 кезең бойынша 144 қатысушы жолдама алған. Жарыс 4 бағыт бойынша өткен.

Жазушының шығармасы бойынша иллюстрациялық суреттер салу бағытында I дәрежелі дипломмен төлебилік Гауһар Ерелхан марапатталса, Мархабат Байғұт шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысында Сауран ауданының қатысушысы Рухшона Ғазизхан жеңіп алды. Ал, біртуар тұлғаның журналистика саласына қосқан үлесі, жарық көрген мақалалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша I дәрежелі дипломмен Отырар ауданынан келген Сымбат Тұрдалы марапатталды. Мархабат Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым бойынша Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі үздік деп танылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды, деп...