«Таза Қазақстан»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысып, жалпы саны 800-ге жуық адам қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында Отырар тұрғын алқабына қарасты көшелерде шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары шығарылды.

Сонымен қатар қала аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 белгіленген аумақта тазалық қызметкерлері тарапынан сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен...

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...