Инвестициялық штаб отырысында өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде газ химиясы, санфаянс өндіру зауыты, сондай-ақ құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын кәсіпорын құрылысы және басқа да маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Трансқазақстандық теміржол дәлізін жаңғырту жөніндегі шаралар, сондай-ақ магистралды желінің өткізу мүмкіндігін арттыру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды іске асыру мәселелерін қарастырды. Қолданыстағы кедергілерді жоюға және Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің жедел өсуі үшін жағдай жасауға бағытталған шешімдер қабылданды.
Инвестициялық штаб еліміздегі инвестициялық ортаның тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Өз қызметі шеңберінде ол реттеуші саясатты жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді жоюға және экономиканың негізгі салаларына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.