Түркістан: «Конгресс холл» кешенінің ұжымы Алматы қаласында өнер көрсетті

Түркістан: «Конгресс холл» кешенінің ұжымы Алматы қаласында өнер көрсетті

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің ұжымы гастрольдік сапармен Алматы қаласында болып қайтты. Өнер ұжымы оңтүстік астананың тұрғындарының назарына Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклін ұсынды. Сондай-ақ, шығармашылық сапардан оралған өнер ұжымы өздерінің алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы брифингте «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің басшысы Асқар Кенехан мәлімдеді.

«Jana lep» ұжымы жыл басталғалы бері бірқатар үлкен қойылымдарды көрермен назарына ұсынды. «Алғашқы махаббат» спектаклі де алматылық талғампаз көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Тіпті, қазақ өнерінің аңызы Асанәлі Әшімов қойылымды жеке өзі тамашалап, жас әртістерге өзінің батасын берді. Одан бөлек, жақында ғана құрылған «Alqonyr» фольклорлық ансамблімен қатар «Samgau» би ансамблі мәдени шаһардың көрермендерінің қошеметіне ие болды. Алдағы уақытта өз облысымыздағы аудандарға шығармашылық сапармен шығуды жоспарлап отырмыз»-деді Асқар Оразханұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің жас әртісі Бағдат Нысанбай өзінің сапардан алған әсерімен бөлісті.

«Біз бұл сапардан өзіміз үшін көптеген тәжірибе жинадық. Біздің қойылымдарымызға қазақ өнерінің майталмандары өте жоғары баға берді. Бұл әрине біз үшін үлкен абырой. Алдағы уақытта көрермендерге бұдан да жақсы дүниелер ұсынатын боламыз. Қазіргі ұжымның көп бөлігі жастар. Сондықтан да еңбектенуден, ізденуден еш жалықпаймыз»-деп баяндады театр актеры.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облыстық мәслихатында Н.Әбішовтың төрағалығымен аудандық, қалалалық мәслихат төрағаларының қатысуымен келелі жиын өтті. Мәслихат төрағасы ҚР Парламенті...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша президенті...