«Жасыл даму» АҚ Қазақстандағы бірегей экологиялық өндірісті қолдайды

«Жасыл даму» АҚ Қазақстандағы бірегей экологиялық өндірісті қолдайды

«Жасыл даму» АҚ «ECOMAF» ЖШС компаниясының пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық таза саябақ жиһаздарын өндіру зауытын жаңғырту жобасына қолдау көрсету ниеті туралы хабарлайды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 377,9 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

«ECOMAF» ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан отандық өндірістік компания. Ол Қазақстанда алғаш болып полимер қалдықтары мен құмды пайдалана отырып, қалалық ортаға арналған берік бұйымдарды өндіретін бірегей технологияны сәтті енгізген кәсіпорын болып табылады. Өндірісте 30% полимер мен 70% құм араласқан қоспа пайдаланылады. Компания өнімдерінің келесі артықшылықтары бар:

  • Тас секілді берік
  • Вандализмге төзімді
  • Ылғал, коррозия мен шіруге төзімді
  • -60 °C-тан +70 °C-қа дейінгі температураға шыдамды
  • Ұзақ мерзімді және экологиялық таза

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы — жылына 100 тоннаға дейін қайта өңделген пластик.

«Жасыл даму» АҚ — экологиялық бастамаларды басқару жөніндегі мемлекеттік оператор ретінде қалдықтарды азайту, «жасыл» экономиканы дамыту және Қазақстанда айналмалы технологияларды енгізу бағытындағы жобаларды қолдауды жалғастырып келеді.

«ТОО «ECOMAF» сияқты кәсіпорындарды қолдау — еліміздегі экологиялық жауапты өндірісті дамыту бойынша стратегиялық мақсаттарға сай келеді. Бұл — тек қалдықтарды қайта өңдеу емес, сонымен қатар қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға нақты үлес қосу», — деді «Жасыл даму» АҚ баспасөз қызметінде.

Зауытты жаңғырту жобасы пластикалық қалдықтарды өңдеу көлемін едәуір арттыруға, шығарылатын өнім сапасын жақсартуға және оны Қазақстан бойынша кеңінен жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері – тұрақты сумен жабдықтауды, ирригацияны дамытуды және су ресурстарын қорғауды қамтамасыз ететін...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен...

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...