Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Қозбеков Талғат Жапарханұлы, өңірлік кеңес мүшелері, Сайрам және Түлкібас аудандарының кәсіпкерлері және тиісті мемлекеттік органдар басшылары мен басқарма өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне 3 мәселеқаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойыншаСайрам мен Түлкібас аудандары кәсіпкерлерінжеке-жеке қабылдап, тиісті орган өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, кеңес отырысында «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестерін қалыптастыру және делегаттарды (мүшелерді)сайлау қағидаларына» өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша директор орынбасары Ауелбеков Ербол Асфандиярұлы хабарлама жасады. Кеңес мүшелері бұл мәселені талқылап, ұсынысты Қазақстан Республикасы Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдау туралы шешім қабылдады.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Өңірлік кеңестің маусым айында көшпелі отырысы өтетін аудандар айқындалды.
Өңірлік кеңес мүшелерінің шешімімен көшпелі отырыс Арыс қаласы мен Отырар ауданында өтеді.
Алдағы уақытта Өңірлік кеңес кезегімен барлық аудандарды аралайтын болады.
Жиын соңында Н.Әбішов кеңес отырысына белсенді қатысқан кеңес мүшелеріне алғысын білдіре отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, жиында көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуіне және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлік саласын барынша дамытуға атсалысуға шақырды.