ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында Еңбекші ауданы Жалын тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына сілтеме жасаған No-comment.kz
Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Александр Малахов, Еңбекші ауданы Жұлдыз аумағының аумақ басшысы Сейдулла Ибишев және жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткен кездесуде Берік Айдарбекұлы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Еңбекші ауданы бойынша Жалын тұрғын алабында жыл басынан бері негізгі 4 көшенің құрылысы аяқталып, 2 көшенің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін жеке меншікке қарап келген электр жүйелері толықтай мемлекет меншігіне өткізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, Жұлдыз тұрғын алабында кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары экспертизадан өткізіліп, қаржыландыруға ұсынылған. Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс бөлімінде электр жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр. Ауыз сумен қамту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бүгінде қаржыландыруға ұсынылған.