Мәжіліс депутаты азаматтарды қабылдады

Мәжіліс депутаты азаматтарды қабылдады

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташқараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Карантин талаптарына байланысты депутаттың азаматтарды қабылдауы онлайн форматта өткізілді, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

”Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген қабылдауға барлығы 9 адам жазылды. Олар халық қалаулысына әлеуметтік, тұрғын үй және коммуналдық мәселелерін алға тартты.

Р. Мамуржанова есімді келіншек үй кезегінің жылжымай келе жатқанын айтып шағымданды. 2015 жылы жалғызбасты ана ретінде баспана кезегіне тұрған оған заң аясында түсіндіру жүргізілді.

Б. Бисенова есімді тұрғын 2017 жылдан бері азық-түлік себетін ала алмай келе жатқанына ашынды. Оның бұл шағымы сол заматта-ақ өз шешімін тауып, азық-түлік себетін алатын азаматтар санатына енгізілді.

Сонымен қатар, тағы бір тұрғын «Тұран» шағын ауданындағы 192 орамдағы 359/13 мекенжайындағы ауланы абаттандыруды сұрады. Оның бұл ұсынысына депутат Ғ. Ташқараев наурыз айындағы бюджетті нақтылау кезінде «Тұран» шағын ауданы, «Адия» тұрғын үй кешені мен «Асар» шағын ауданында жеті үйге ортақ 3 ауланы абаттандыру жұмыстарына қаржы қаралып (95,5 млн. теңге), мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілетіндігі туралы түсіндірілді.

Бұдан бөлек қоғамдық қабылдау кезінде әлеуметтік көмектер көрсету, құрылыс материалдарын алуға жәрдем беру, денсаулығының нашарлығына байланысты дәрі-дәрмектер алуға ықпал ету, атаулы әлеуметтік көмек алуын қамтамасыз ету, тұрғын үйінің құжатын рәсімдеу, баспанасын жөндеуден өткізуге көмек беру және т.б мәселелер бойынша материалдық көмектер беру туралы өтініштер айтылды. Олардың бірқатары өз шешімін тапты. Бірқатары бойынша демеушілер іздестірілетіні айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...