Қазақстандық ғылыми қалашық – Үкіметте техноқала құру мүмкіндіктері мен тұжырымдамасы талқыланды

Қазақстандық ғылыми қалашық – Үкіметте техноқала құру мүмкіндіктері мен тұжырымдамасы талқыланды

Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Новосібір Академиялық қалашығындағы ғылыми орталықтардың жұмысымен танысып қайтқан қазақстандық делегацияның жұмыс сапарының қорытындысы бойынша отандық ғылыми қалалар құру мен дамыту мәселесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Талқылаулар барысында Қазақстанда ғылыми қалаларды қалыптастыру мен дамытудың мүмкіндіктері қаралды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, Парламентте ғылыми қалашықтарды дамытуға арналған заң жобалары қаралып жатыр. 

Кеңесте ҚР ҰЭМ жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ЭЗИ) мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғылыми қалаларды дамыту бойынша ортақ пайымын ортаға салды. 

ЭЗИ басқарма төрағасы Әсел Сәрсенбаева еліміздің инновациялық әлеуетінің қазіргі дамуындағы нюанстар туралы айта келіп, ғылыми қалашықтардың қызметін дамытудың экономиканың сапалы өсуі тұрғысынан алып қарағандағы бағыттарын ұсынды. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин еліміздегі инновация мен ғылымды дамытудың қолданыстағы құралын реформалау арқылы келешек жобаларды қаржыландырудың тетігі туралы баяндады.

Кеңес соңында экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбек Күлекеев технологиялық экономиканы, оның ішінде жаңа салаларды дамытудың өзегі ретінде ғылыми қалашық құрудың қажеттігін атап көрсетті.  

Кеңесті қорытындылай келіп, Серік Жұманғарин Жақсыбек Күлекеевтің басшылығымен жұмыс тобын құруды тапсырды. Ол ұсынылған бастамаларды қаперге ала отырып, болашақ техноқаланы дамытудың тұжырымдық пайымы мен өзекті бағытын әзірлемек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Форумға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Түркістан облысының прокуроры Мұрат...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельдже...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы...