Сонымен қатар жазғы кезеңде 7 млн-нан астам жолаушыны тасымалдау жоспарлануда.
«Тасымалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 12 қосымша жазғы маршрутты, оның ішінде Алакөлге дейінгі 9 маршрут, Астанадан Алматыға, Шымкентке дейінгі үш маршрут және Балқаш-Қарағанды бағыты бойынша бір маршрутты ұйымдастыру жоспарланған. Бұл шаралар жазда пойыздарда 300 мыңға жуық қосымша орын құруға мүмкіндік береді. Жолаушылар ағыны ұлғайған сайын қосымша вагондарды тіркеу арқылы қолданыстағы пойыздар құрамының ұзындығы мезгіл-мезгіл артып отырады. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында осы жазғы кезеңде 1 млн қосымша орын беріледі», – деді спикер.
Сондай-ақ жазғы тасымалдарға дайындық аясында пойыздарда тазалау күшейтілді. Санитариялық тораптарды жуу-жинау күндізгі уақытта әр сағат сайын, ал түнгі уақытта әр 2 сағат сайын қамтамасыз етіледі, вагонның ішін жинау тәулігіне кемінде 3 рет жүргізілмек. Көлік министрлігі жаз мезгілінде ұлттық және жеке тасымалдаушылардың жұмысын ай сайын тексеріп отырады.