Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.