Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басым бағыттарының бірі – тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) ірі кәсіпорындарының техникалық тұрақтылығын және кезең-кезеңімен жаңғыртылуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
Саланың жай-күйін мониторингтеуге жүйелі көзқарас үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тізбесі қалыптастырылды. Оның құрамына персоналы 500 адамнан асатын қара және түсті металлургияның 24 компаниясы, сондай-ақ 250-ден астам адам жұмыс істейтін металл кендерін өндіретін 26 кәсіпорын кірді.
Аталған салада алғаш рет бақылау карталары – өндірістердің техникалық жай-күйін ғана емес, оларды жаңғырту деңгейін, қуаттарды кеңейту жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және экология саласындағы талаптардың сақталуын қадағалайтын мамандандырылған талдамалық құралдар енгізілуде. Бұл карталар мемлекеттік органдарға жіберілді, ал олар бойынша жиналған деректер ТМК негізгі кәсіпорындарын оңтайландыру және қолдау бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланылуда.
Бақылау карталары ТМК-ның жай-күйі мен дамуын мониторинг жасау құралына айналады
