2025 жылғы 11-13 маусым аралығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Германияда жұмыс сапарымен болды.

2025 жылғы 11-13 маусым аралығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Германияда жұмыс сапарымен болды.

Өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, инвестиция мен технологияларды тартуға, сондай-ақ маңызды минералдық ресурстар саласындағы серіктестікті нығайтуға басты назар аударылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Германия Федералдық канцлерiнiң Сыртқы экономикалық байланыстар бөлiмiнiң басшысы Ральф Бёмен кездесуде ұзақ мерзiмдi шикiзаттық әріптестiк және Қазақстанның Германияның өндiрiстiк желiлерiне интеграциясы мәселелерi талқыланды.

Одан бөлек, а.ж. қыркүйек айында Астанада өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық жұмыс тобының отырысына дайындық мәселесі талқыланды.

Министр Федералды Экономика және энергетика министрлігінде Парламенттің Мемлекеттік хатшысы Франк Гюнтер Ветцелмен кездесті.

Талқылау барысында неміс инвесторларын қолдау құралдары мен өңдеуші өнеркәсіптегі ынтымақтастықтың жаңа форматтары талқыланды.

Саксония федералды штатының премьер-министрі Михаэл Кречмермен келіссөздер жүргізілді.

Германияның Экономика және энергетика министрлігінің жаңа мемлекеттік хатшысы Томас Штефенмен кездесу өтіп, онда бірлескен жобаларды қолдау мәселелері талқыланды. Тараптар қазақстандық нарықта саксондық бизнестің қатысуын кеңейтуге және бірлескен жобаларды, оның ішінде Қазақстандағы өнеркәсіптік кластерлер аясында жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Германия экономикасының Шығыс комитетінің жыл сайынғы отырысына қатысу аясында Ерсайын Нағаспаев жетекші неміс компаниялары мен федералды министрліктердің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды.

Сондай-ақ ФГР Сыртқы істер мемлекеттік министрі Флориан Ханмен кездесу өтті.

Шығыс Еуропалық Экономикалық Қатынастар Комитетінің Басқарма Төрағасы Катарина Клаас-Мюльхойзермен және Басқарушы директоры Майкл Хармспен, сондай-ақ Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасының (DIHK) басқарушы директоры Елена Мельниковпен және Германияның өнеркәсіптік қауымдастығы төрағасының орынбасары Вольфганг Нидермаркпен (BDI) кездесулер өтті.

Машина жасау, агроөнеркәсіптік сектор және жасыл экономика салаларындағы бірлескен бастамалар талқыланды.

Германиялық шикізат агенттігінің директоры Петер Бухгольцпен кездесуде Германия экономикасының қажеттіліктері үшін маңызды минералдық ресурстарды жеткізу және өңдеу мәселелері талқыланды.

Министр энергетика және автоматтандыру саласындағы инновациялық шешімдер, сондай-ақ жасыл сутегін өндіру технологиялары ұсынылған Берлиндегі Siemens Energy зауытында болды.

Келіссөздер барысында инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастық бағыттары және Қазақстанда Орталық Азия және Кавказ аймағы үшін Siemens Energy сервистік хабын құру жоспарлары талқыланды.

Неміс компанияларының басшылығымен кездесулер өткізілді:

- «HMS Bergbau AG» директорлар кеңесінің төрағасы Деннис Швиндт;

- «Mössner KG» басшысы Андреас Мосснер және R.Scheuchl Директорлар кеңесінің мүшесі Рудольф Виттгенс;

- «PSE Engineering GmbH» басқарушы директоры Маркус Бэрендт.

Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы жылдың 13 маусымда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Президенттерінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «Атамекен» (Түркістан...

Өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, инвестиция мен технологияларды тартуға, сондай-ақ маңызды минералдық ресурстар саласындағы серіктестікті...