Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 15 өңірде итальялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шекаралас аумақтардағы шегіртке ошақтары мен көршілес елдерден ұшып келу қаупіне байланысты тұрақты мониторинг жүргізілуде.

«Қытай мен Қырғызстан тарапынан қауіп жоқ. Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Ошақтар анықталған жоқ. Көршілес елдердің мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстары жалғасуда», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов. 

Сонымен қатар штаб отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектарға, майлы дақылдар – 3,4 млн гектарға, жүгері – 168 мың гектарға, картоп – 127,8 мың гектарға, қант қызылшасы – 17,7 мың гектарға егілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 млрд теңге бөлу...

Государственная программа «Ауыл аманаты» активно востребована в Карагандинской области. И это не просто поддержка бизнес-идей сельчан, а платформа...

«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы Қарағанды облысында үлкен сұранысқа ие. Бұл ауыл тұрғындарының бизнес-идеяларын қолдау ғана емес, табыс...