Бизнестің өзекті мәселелері тыңдалды

Бизнестің өзекті мәселелері тыңдалды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы кәсіпкерлерді қабылдады. Қоғамдық қабылдауға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, кәсіпкерлер қатысты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде бақылау-құзырлы орган өкілдері ел азаматтарының, кәсіпкерлердің арыз-шағымдарына, ұсыныс-тілектеріне әрдайым ашық. Сондай іс-шараның бірі Кәсіпкерлер палатасында өтіп жатқан осы қоғамдық қабылдау деп айта аламыз. Жалпы бүгін ғана емес, кез келген уақытта кәсіпкерлер өздерін мазалаған сұрақтармен Кәсіпкерлер палатасына немесе тиісті органдарға жүгіне алады», – деді Сабира Адамбекова.

Алмас Манатұлы елімізде 16-20 маусым аралығында «Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасы іске асырылғаны, өңірімізде кәсіпкерліктің дамуына, бизнес-ахуалдың жақсаруы бағытында департамент тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндап өтті.

«Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасы аясында кәсіпкерлердің заңды құқықтарын іске асыруға және проблемалық мәселелерін шешуге Экономикалық тергеп-тексеру депаратаменті тарапынан қолдау көрсету арқылы бизнесті қорғау мәселелері бойынша «Атамекен» ҰКП-пен бірлескен өңірлік отырыстар өткізілуде. Кешенді іс-шаралардың аясындағы осындай қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – бизнесті қорау, кәсіпкерлікті жүргізу барысында туындаған мәселелерді тыңдап, оларды шешу бойынша көмек көрсету. Кәсіпкерлік субъектілердің алдынан туындаған сұрақтар мен проблемаларды шешуде әрдайым заң шеңберінде көмек көрсетуге дайынбыз», – деді Алмас Манатұлы.

Қоғамдық қабылдау барысында кәсіпкерлер өздерін мазалап жүрген сұрақтарын ортаға салып, департамент басшылығының жауабын алды. Атап айтқанда «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров, «Эристайл-Қазақстан» ЖШС директоры Ойрат Мамыров секілді мекеме жетекшілері кәсіпкерлікті жүргізу барысындағы ашықтық, әділдік принциптердің сақталуы бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы қабылдауда көтерілген мәселелердің қараусыз қалмайтынын айтып, қажет болған жағдайда тиісті органдар алдында көтерілетінін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша...

Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік...