«ARNATEX» ЖШС синтепон өнімдерімен ішкі нарықты 30 пайызға қамтып отыр. Оның ішінде Шымкент, Алматы, Орал, Ақтөбе, Тараз қалаларынан сұраныс көп.
- Өндірістік қуаты жылына 220 тонна
- Жобаға 150 млн теңгеден астам инвестиция тартылған.
- 15 адам жұмыс істейді.
Өндіріс ошағы былтыр іске қосылды. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.
Қазіргі кезде ЖШС басшылығы Alibaba.com интернет сауда желісі арқылы өнімдерін экспортқа шығаруды бастады.