Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі

Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының “Мерзімді басылымдар” секторының ұйымдастыруымен «Жыл кітабы» акциясы бойынша оқырмандар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды No-comment.kz

Баршаңызға мәлім, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылған болатын.

Шарада кітапханашылар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға таңдалған поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанрындағы әдебиеттерге шолу жасап, түрлі жанрда жазылған туындыларға талдау жасады.

Оқырмандар поэзия жанрында таңдалған кітаптардан өлең жолдарын оқып, авторлар туралы естеліктермен бөлісті.

Сонымен қатар, кітапханашылар Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған әлем және қазақ әдебиеті, ғылыми-танымдық, рухани жаңғыру бағытындағы 30 кітаптарға да қысқаша тоқталып, жас оқырмандарды кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...