Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым берілді және 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 755,4 млн теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 941 тексеру жүргізді, оның барысында 3 608 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 973; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 616; халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.