Шортанды ауданында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен өсімдіктерді қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Агрономиялық кеңес барысында өсімдіктерді қорғау саласындағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өнімділікті арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары талқыланды. Агротехникалық іс-шараларды белгіленген мерзімде жүргізу мен өсімдік шаруашылығына заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұрат Балпан аграрлық сектордың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып отырғанын айтты.